Ғалия Тоқсейітова Алматы қалалық туризм басқармасына басшы болып тағайындалды

None
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласы әкімінің өкімімен қалалық туризм басқармасының басшысы болып Ғалия Еланқызы Тоқсейітова тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ғалия Тоқсейітова 1991 жылы 15 желтоқсанда Алматы қаласында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген.

Ғалия Еленқызы Президент жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2013 жылы Алматы қаласы қаржы басқармасының бас маманы қызметінен бастаған.

2016-2019 жылдары Алматы қаласы қаржы басқармасының кірістерді орындау, қарызға қызмет көрсету және кредит беру бөлімін басқарды.

2019 жылдан бастап күні бүгінге дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.


Соңғы жаңалықтар