Галина Воскобоева «Shenzhen Open» турнирінің жұптық бәсекесінде ширек финалға өтті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Галина Воскобоева қытайлық Синьюнь Ханьмен жұптасып осы аптада Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан «Shenzhen Open» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясының сайты. Турнирдің сыйақы қоры 627 000 АҚШ доллары шамасында.

Қазақстандық-қытайлық жұп бірінші айналымда тайлық-қытайлық дуэт Варатчая Вонгтеанчай мен Сяоди Юды 6:7(4), 6:0, 10:4 есебімен ұтты. Ширек финалда Воскобоева мен Хань америкалық-қытайлық жұп Ракель Атаво мен И-Фань Сюмен бақ сынайды.

Өкінішке қарай, Галина жекелей сында өткен алғашқы матчта болгарлық теннисші Цветана Пиронковаға 4:6, 7:5, 3:6 есебімен ұтылды. 

Соңғы жаңалықтар