+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Ғалиасқар Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

2020 жылғы 15 қыркүйек 15:23
Бөлісіңіз:
Ғалиасқар Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасына басшы болып тағайындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғалиасқар Төлендіұлы Сарыбаев Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облыстық цифрлық технологиялар басқармасына жаңа басшы келді Мәди Такиев Президент Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды Қарағанды қаласына жаңа әкім тағайындалды

Ғалиасқар Төлендіұлы 1963 жылы туған. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген. Мамандығы бойынша механик, заңгер.

Еңбек жолын Павлодар зауытында инженер-конструктор болып бастаған.

Әр жылдары Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, Гвардия және Кербұлақ аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің директоры, Кербұлақ аудандық жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы, Кербұлақ ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы, бөлім меңгеруші, «Отан» қоғамдық ұйымының орталық кеңесі төрағасының орынбасары, Алматы облысының қоғамдық келісім және ақпарат басқармасының бөлім бастығы, ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы, Nur Otan партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарды.

2020 жылдың қаңтарынан бүгінгі күнге дейін Алматы облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT