Галбадрах бастаған дзюдошылар әлем чемпионатына қатысады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Токио қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, 25 тамыз – 1 қыркүйек аралығында ерлер мен әйелдер арасында өтетін дүниежүзілік додаға әлемнің 143 елінен 552 спортшы қатыспақшы.

Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Ерлан Алпысбаевтың айтуынша, дзюдошылар қазіргі кезде Алматы облысында қызу дайындалуда.

«Әлем чемпионатында бір қола жүлде аламыз ба деп жоспарлап отырмыз. Галбадрах Отгонцэгэгтен басқа Севара Нишанбаеваны жүлдегерлер қатарынан көргіміз келеді. Ел құрамасында жастар да бар. Мысалы, биыл Тайбэйде жастар арасында Азия чемпионы атанған Мөлдір Нарынованы айтуға болады. Талантты жастардың ересектер арасындағы додаға қатысуы оларға тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Тағы бір дарынды дзюдошы Ақмарал Науатбек жарақатына байланысты бұл біріншілікке қатыса алмайды», деді Ерлан Алпысбаев.

Сонымен әлем чемпионатында ел намысын мына дзюдошылар қорғайды:

Отгонцэцэг Галбадрах (-48 кг)

Анна Казюлина (-52 кг)

Севара Нишанбаева (-57 кг)

Иоланта Бердібекова (-63 кг)

Мөлдір Нарынова (-70 кг)

Зарина Райфова (-78 кг)

Назгүл Маратова (+78 кг)

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатына қатысатын ерлер құрамасының анықталғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар