Ғаламторда өшпенділік тудыратындар жазадан құтылмауы тиіс - ҚР Тұңғыш Президенті
«Елемей жүруге болмайтын қазіргі заманғы жаһандық сын-тегеуріннің тағы бір түрі - ол цифрлық коммуникациялардың дамуы. Олар сөзсіз игілігінен бөлек, деструктивтік әлеуетті де ілестіріп жүретіні анық. Цифрлық коммуникациялардың мүмкіндіктері этникалық және діни өшпенділік отын жағуға, сондай-ақ лаңкестік актілерді жасауға жиі қолданылады», - деп тоқталды Н. Назарбаев.
Тұңғыш Президент бүгінде тұтас желілік қоғамдастықтар ешқандай шекараны білмейтін қастықтың, ксенофобияның ошағына айналып жатқанын атап өтті.
«Желіде өздерінің өңі мен аты-жөнін жасыра отырып, кейбір адамдар қылмыстары үшін жазасыз құтыламыз деп ойлайды. Алайда олар жауапкершіліктен құтылмайды. Мемлекеттер осындай заңсыздықтарға қарсы батыл шешімдерді қабылдауы керек», - деді Н. Назарбаев.