Ғаламтор жасөспірімдердің өзін-өзі бағалауына кері әсерін тигізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар 30 мың мектеп оқушысын сұрастырып, сол арқылы 2007 жылы 14-15 жастағы 41 пайыз қыз баланың өзін-өзі бағалауы жоғары болғанын, ал 7 жылдан кейін бұл көрсеткіштің 33 пайызға дейін төмендегенін анықтады.

Ұл балалардың өзін-өзі бағалау деңгейі де төмендеді, бірақ айтарлықтай көпке емес. Егер 2007 жылы ұлдардың 55 пайызы өздерін жоғары бағаласа, 2013 жылы бұл көрсеткіш 50 пайызды құрады.

Зерттеушілер істің мәні әлеуметтік желілер мен онлайн-сөйлесуде, сондай-ақ экономикалық дағдарыста жатыр деп есептейді. Жастардың отбасыларының материалдық жағдайының төмендеуі және оның баяу қалпына келуі бойынша уайымдарына бейжай қарауға болмайды. Оларға көбірек көңіл бөлу керек, деп жазады Meddaily.

Ғалымдар сондай-ақ қазіргі онлайн-сөйлесу жасөспірімдер ортасында бұрынғыдан қарағанда көбірек таралғанын атап өтуде. Олар мұғалімдерді оқушыларға ғаламтор арқылы сөйлесу қаупі туралы айтып отырулары туралы кеңес береді.

Бұдан басқа, сұрау 10-11 жастағы қыз балалардың үштен бір бөлігі кемсітуден қорыққанын көрсетті. Бұл жастағы сұралған әрбір бесінші қыз баланың оның мектебінің қызметкерлері онымен күресе алмайтынына сенімді болғаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар