+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ғаламшардың ең нашар шаңғышысы қарды әлем чемпионаты басталар алдында ғана көрген

2017 жылғы 26 ақпан 07:19
Бөлісіңіз:
Ғаламшардың ең нашар шаңғышысы қарды әлем чемпионаты басталар алдында ғана көрген

АСТАНА. ҚазАқпарат - Финляндиядағы Лахти қаласындағы әлем чемпионатында жарыс жолына Венесуэладан келген шаңғышы Адриан Солано да шыққан болатын. Ол шыға сала "ғаламшардың ең нашар шаңғышысы" атағын иеленді.

Соңынан белгілі болғандай, ол өмірінде қарды бәсеке басталар алдында, бес сағат бұрын ғана көрген. Бұған дейін Венесуэлада роликті шаңғымен ғана жаттыққан. Ол Финляндияға ертерек келуге әрекет жасаған, бірақ Парижде басқа ұшаққа отырар алдында оның қалтасында 20 еуро ғана қалады. Адриан Соланоның шаңғы жарысына бара жатқандығына ешкім сенбей,оны Венсуэлаға қайтарып жіберген. Нәтижесінде жолға шығуына ақшасы болмаған жігітке көпшілік интернет арқылы қаржы жинап берген.

Финляндияға Солано тура чемпионат басталар алдында ұшып келді. Ол небәрі 10 шақырымға да жете алмай, жарыс жолынан шығып қалды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT