Ғаламшардың әрбір оныншы тұрғыны оқып-жаза алмайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жоғары технологиялардың дамуы, ғарышты игеру және көрнекті ғылыми жаңалықтарға қарамастан, 21-ші ғасырда Жер шарының 16 пайызы сауатсыз болып қалуда.

Американдық ғалымдар осындай қорытындыға келді.

Мамандар Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет (ЮНЕСКО) мәселелері бойынша мәліметтерін өңдеп, жер шарындағы сауаттылық өскенімен, өте төмен қарқынмен өсуде деген ұйғарым жасап отыр. Бұл ретте әр түрлі елдердегі ересек тұрғындардың 781 миллионы, немесе Жер шарының әрбір оныншы тұрғыны мүлдем оқып, жаза алмайды.

Ең төмен көрсеткіштер Орталық Африка мен Батыс Азияда болды. Мұнда сауаты жоқ шамамен 600 миллион адам тұрады. Бұл осы елдердің өте төмен әлеуметтік-экономикалық дамуымен түсіндіріледі, деп жазады Informing.

Өткізілген зерттеуге сәйкес, сауаты жоқ адамдардың ең көп саны - 286 млн адам Үндістанда тұрады. Бұдан басқа, Жер шарында сауатсыз әйелдердің саны сауатсыз ер адамдардың санынан екі есе көп болып отыр.

Соңғы жаңалықтар