Ғаламшар тұрғындарының 60%-дан астамы климаттың өзгеруі адамзатқа қауіпті деп атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жер шары тұрғындарының 60 пайыздан астамы климаттық өзгерістерді адамзат үшін үлкен қауіп пен төтенше жағдай деп санайды. Бұл БҰҰ Даму бағдарламасы мамандарының Оксфорд университетінің сарапшыларымен бірлесіп өткізген сауалнама нәтижесінде анықталған.

Зерттеуге 50 елден 1,2 млн жуық адам қатысты. Респонденттерге климаттың өзгеруі жаһандық төтенше жағдай болып табыла ма және олардың климаттық саясаттың алты сала: экономика, энергетика, көлік, өндіріс және азық-түлік өнімдерін пайдалану, қоршаған орта және адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі 18 басты бағытты қолдай ма деген сұрақ қойылды.

Сұрау қорытындыларына сәйкес, қатысушылардың 64 пайызы климаттағы өзгерісті жаһандық төтенше жағдай деп санайды.

«Сұрау қорытындысы ұлты, жасы, жынысы мен білім деңгейіне қарамастан, бүкіл әлемдегі елдердің адамдары климаттың өзгеруіне қарсы күрес жүргізудің шұғыл шараларын қолдайтынын көрсетіп отыр», - деп атап өтті БҰҰ ДБ әкімшісі Ахим Штайнер.

Айта кетсек, 14 қаңтарда NASA жыл сайынғы баяндамасында 2020 жыл Жер бетіндегі температураның төртжылдық мерзімінің рекордын қайталағанын мәлімдеген болатын.


Соңғы жаңалықтар