Ғаламда ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің орын алуына туризмнің ықпалы айрықша - Елбасы

None
None
АНА. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат. /Руслан Ғаббасов/ - Қазіргі жаһандану дәуірінде ғаламда ынтымақтастық пен өзара түсіністіктің орын алуына туризмнің ықпалы айрықша. Бұл туралы бүгін елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Дүниежүзілк туризм ұйымы Бас Ассамблеясы 18 сессиясының ашылу рәсімінде Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев мәлім етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бас Ассамблеяның кезекті сессиясының ТМД және бүкіл Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері арасында тұңғыш рет Қазақстанда өткізілуі біз үшін үлкен мәртебе. Дәл бүгін қазақтың қасиетті топырағында әлемнің түкпір-түкпірінен келген 140-тан астам делегацияны күтіп алу үлкен жауапкершілік екенін біз жақсы білеміз. Сонымен қатар баршамыз үшін бұл маңызды жиын тәуелсіз Қазақстанның Еуразия жүрегінде орналасқан жас та көрікті және бас қаласы, әсем Астанада өтіп отырғаны есте қаларлықтай,  деді Елбасы.

Туризм саласы ұлттарды жақындастырып, елдерді табыстыратынын айтып өткен Мемлекет Басшысы «Қазіргі жаһандану дәуірінде ғаламда ынтымақтастық пен түсіністіктің орын алуына туризмнің ықпалы айрықша. Халықаралық туризм саласының дамуына бәріміз мүдделі болуымыз керек, сонымен бірге ол баршамызға үлкен жауапкершілік жүктейді», деді.

 

Соңғы жаңалықтар