Гаитидің премьер-министріне де қастандық жасалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Гаитидің премьер-министрі Ариэль Анриге елдің солтүстігіндегі Гонаив қаласында республика тәуелсіздігінің 218 жылдығын тойлау кезінде қастандық жасалды, деп хабарлайды ТeleSUR телеарнасы.

Мәліметке сай, мерекені тойлау рәсіміне сай ғибадатханада болған шарадан шығып келе жатқан Анриге белгісіз біреулер бірнеше рет оқ атқан. күзет қызметі дереу әрекет етіп, министрлер кабинетінің басшысын қауіпсіз жерге алып шыққан. Премьер-министр жапа шекпеген.

Атыс кезінде бірнеше адамға оқ тиіп, жараланған. Ал бір адам қаза тапқан.

Осы оқиғадан соң бірқатар салтанатты шаралар кейінге шегерілді.

Айта кетейік, өткен желтоқсан айының соңында Гаитиде әрекет ететін қарулы топ премьерге бұл өлкеге келмеуін ескерткен және қаланың бас алаңында сахнаны құрып жүрген қызметшілерге оқ атып, шабуыл жасаған еді.

БҰҰ 2021 жылдың 7 шілдесіне ауған түні ел президенті Жовенель Моиз өлтірілген соң және тамыз айында 2,2 мың адамның өмірін қиған жер сілкінісінен соң елде қауіпсіздік және гуманитарлық ахуал саласындағы жағдайдың күрт қиындап кеткенін айтып, дабыл қағуда.





Соңғы жаңалықтар