Гаитидегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 724-ке жетті

None
None
ПОРТ-O-ПРЕНС. ҚазАқпарат - 14 тамызда Гаитиде болған жер сілкінісінен мерт болғандар саны 724 -ке жетті. Бұл туралы елдің азаматтық қорғау департаменті Twitter -де жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны -7247 Оңтүстік департаментінде 500-ге, Гранд -Ансе департаментінде 100 -ге, Нипп департаментінде 122 -ге жетті және елдің солтүстік -батысында екі адам көз жұмды, - делінген хабарламада.

Сенбі күні Гаити жағалауында қуаты 7,2 балл жер сілкінді. Соңғы мәліметтер бойынша 1800 -ден астам адам зардап шеккен.

Республика билігінің мәліметінше, ең көп жарақааттанғандар -Оңтүстік, Гранд Ансе және Нипп департаменттерінің тұрғындары.


Соңғы жаңалықтар