Гаитидегі жер сілкінісі салдарынан 29 адам қаза тапты

None
None
ПОРТ-О-ПРЕНС. ҚазАқпарат - Гаитидегі жер сілкінісі кем дегенде 29 адамның өмірін қиып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат RTNH телеарнасына сілтеме жасап.

Елдің азаматтық қорғаныс басқармасы өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта опат болғандарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. 29 адамның қаза тапқаны анықталды.

Сенбі күні Гаити жағалауында магнитудасы 7,2 болатын жер сілкінісі тіркелді. Жер асты дүмпулерінің ошағы Петит -Тру -де -Нип шағын елді мекенінің солтүстігінде сегіз шақырым жерде орналасқан.

Кейінірек магнитудасы 5,2 -ге дейін бірнеше жаңа жер сілкінісі қайталанды.

Бастапқыда цунами қаупі жарияланған еді, бірақ кейін бұл ескертуді алып тастады.


Соңғы жаңалықтар