+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Гаитиде балалар үйіндегі өрт 15 баланың өмірін қиып кетті

2020 жылғы 15 ақпан 16:24
Бөлісіңіз:
Гаитиде балалар үйіндегі өрт 15 баланың өмірін қиып кетті

ПОРТ-О-ПРЕНС. ҚазАқпарат – Гаити астанасының оңтүстік бөлігінде орналасқан балалар үйінде өрт болып, 15 бала қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі BBC News-қа сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Бейруттағы жойқын жарылыс: 60-тан астам адамның жағдайы ауыр Берлинде белгісіз біреулер инкассатор көлігіне шабуыл жасаған Сомали астанасында қуатты жарылыс болды

Қызыл жалын екі баланың өмірін қиса, түтінге уланған 13-і ауруханада көз жұмды. Жергілікті билік өкілдері өрттің туындау себептерін анықтап жатыр. Ал балалар үйінің қызметкерлері мен тәрбиеленушілеріне сілтеме жасалған хабарламаларда үйде электр жарығы болмағандықтан, майшам пайдаланылғаны айтылған. ВВС мәліметі бойынша, өрт болған түні балалар үйінің электр генераторы бұзылып қалған.

Америкалық христиандық топ басқаратын балалар үйі Гаитидағы ресми рұқсатнамасыз жұмыс істейтін жүздеген мекемелердің бірі.

Билік өкілдері аман қалған балаларды қауіпсіз жерге орналастырумен айналысып жатыр. Әлеуметтік қамсыздандыру институтының директоры Ариэль Жанти Вилледруэн лицензиясы жоқ балалар үйінде 60- жуық жеткіншек тұрғанын растады. Кейбір деректер бойынша, балалар үйінің 2013 жылдан бері лицензиясы болмаған.

«Біз оларды (аман қалғандарды) транзиттік орталыққа орналастырмақшымыз, әзірге отбасыларын іздестіріп жатырмыз, оларды ата-аналарымен қауыштырғымыз келеді», - деп мәлімдеді ол Reuters агенттігіне.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT