Гаити Президентінін өлтіруге бірнеше киллер жалдаған күдікті ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Гаити билігі 63 жастағы америкалық Кристиан Эмманюэль Саньонды ұстады. Ол Гаити президенті Жовенель Моизді өлтіру мақсатында бірнеше киллер жалдаған деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап.

«Саньон Гаитиге маусым айының басында өзінің жеке ұшағымен ұшып келген. Жанында алты колумбиялық күзетшісі де болған. Оның елге келудегі «саяси мақсаты» – төңкеріс жасап, президент болу», – деді Гаити полициясының бастығы Леон Шарль кейбір министрлер қатысқан баспасөз мәслихатында.

Шарльдің айтуынша, қастандық жасаушылардың тағы екі жетекшісі болған, алайда оларды аты аталмады.

Саньонның үйін тінту кезінде қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды. Саньонның өзі бұл туралы не айтатыны әлі белгісіз.

Еске салсақ, Гаити Президенті Джовенель Моиз сейсенбіден сәрсенбіге қараған түні резиденциясында белгісіз адамдардың шабуылынан қаза тапқан болатын. Шабуыл кезінде елдің бірінші ханымы Мартин Моиз жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Сонымен қатар, Жовенель Моизді өлтірді деген күдікпен қылмыскерлер ұсталды.



Соңғы жаңалықтар