+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Ғаділбек Шалахметов жас металлург Назарбаевтан қалай сұхбат алғанын айтып берді

2019 жылғы 1 желтоқсан 17:02
Бөлісіңіз:
Ғаділбек Шалахметов жас металлург Назарбаевтан қалай сұхбат алғанын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Белгілі журналист, публицист, қоғам қайраткері Ғаділбек Шалахметов жас металлург Нұрсұлтан Назарбаевтан алған сұхбаты туралы естелігімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Келес ауданында жаңа мектеп пайдалануға берілді Алматыда мерекелік отшашу болды Тұңғыш Президент күні Қарағанды облысының тұрғындары қоныс тойын тойлады

«Мен 1965 жылы «металлург» мамандығы бойынша политехникалық институтты бітірдім, бірақ журналист болып жұмыс істедім. Содан басшылық жұмысшы мамандығын дәріптеп, металлургтардың өмірі туралы хабар дайындауды тапсырды. Теміртауда жұмыс істеп жүрген жас металлруг Нұрсұлтан Назарбаевтан сұхбат алуды ұсынды. Сөйтіп, Теміртауға барып, қазақ теледидарында көлемді сұхбаттық бағдарлама дайындадық. Екеуміз де металлург болғандықтан, біраз әңгімелестік. Сұхбат барысында домна пешінен шыққан ұшқындарға шыдамай, теріс айналатын едім. Ал ол мамандығына әбден берілген, міз бақпайтын. Бұл 1967 жыл еді. Бұл кезде Нұрсұлтан қарапайым жұмысшы болатын және оның телеарнаға берген алғаш сұхбаты осы», - деді Ғ. Шалахметов елордадағы Еуразия ұлттық университетінде өткен конференцияда тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен бірге, ол Еуразия ұлттық университетіне ғалым Л. Н. Гумилевтің есімін беру тарихын айтып берді.

«Лев Гумилев менің жақын досым еді. Оол маған өзінің «Этногенез и биосфера земли» деген кітабын жіберді. Бір іссапарда ұшақта соны оқып отырдым. Жанымда отырған Нұрсұлтан кітапқа қызығушылық танытты. Ғылыми кітап қой, сізге қажеті жоқ дедім. Мен де көрейін деп, кітапты оқыды. Бұл шамамен 1977 жылдар еді. Шамамен отыз жыл өткен соң, 2004 жылы астанадағы университетке Л. Гумилевтің есімін берді. Сонда Гумилевті жадында сақтап, ұмытпай жүргеніне таңғалдым», - деді Ғ.Шалахметов.

Оның айтуынша, Елбасы биікке көтерілсе де, адами қасиеті мен тұлғалық келбеті өзгермеген.

«Нұрсұлтан Әбішұлының ерекше қасиеттерінің бірі – болашақты ойлайды және алыстан болжай алады. Кеңес одағы ыдыраған соң, Елбасы мен Б.Ельцин маған екі елге ортақ телеарна құруды тапсырды. Нәтижесінде, 1992 жылы «Мир» телеарнасы құрылды. Телеарна қос елдің достығының белгісі ретінде әлі жұмыс істеп келеді. Сол арнаны дер кезінде құрдық деп ойлаймын. Әлемдік маңызы бар одақ қирап, оның құрамынан шығып, бөлек мемлекет болу оңай шаруа емес. Тоқсаныншы жылдардағы қиындық пен бүгінгі бейбіт заманды көрген адам оның қаншалықты маңызды екенін біледі. Сондықтан, қиын-қыстау заманда елдің бірлігін сақтай білген Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін бағалау қажет», - деді Ғаділбек Шалахметов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT