Габриэль Борич Чили тарихындағы ең жас президент атанды

None
None
САНТЬЯГО. ҚазАқпарат - Габриэль Борич Чили тарихындағы ең жас президент атанды. «Абыройды мақұлдаймын» сол коалициясынан сайлауға түскен 35 жастағы кандидатқа екінші кезеңде 55,87% сайлаушы дауыс берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews.com сайтына сілтеме жасап.

Саясатқа студенттік қозғалыстан келген Боричтің сайлауалды уәделерінің бірі – әлеуметтік теңсіздікпен күресу. Ол молшылыққа салық салып, жеке зейнетақы қоры жүйесінен бас тартуды ұсынды.

«Мен өзімді, біздің жобамыз сияқты, әділеттілік, демократияны кеңейту, адам құқығын қорғау, бостандықты қорғау үшін күрескендердің ұзақ тарихи жолының мұрагері ретінде сезініп отырмын. Осы үлкен отбасыны қайтадан бірге көргім келеді, өйткені бұл сахнада жаңа тарихи кезең басталады», - деп мәлімдеді Габриэль Борич.

Боричтің қарсыласы, ультраконсервативтік саясаткер Хосе Антонио Каст 45%-дан аз дауыс жинады.

Чилидегі сайлау коронавирус пандемиясынан туындаған дағдарыс, наразылықтар мен тәртіпсіздіктерге әкеліп соқтырған әлеуметтік шиеленістер, сондай-ақ үкімет пен мапуче үндістерінің радикалды топтары арасындағы қақтығыстың шиеленісуі жағдайында өтті.


Соңғы жаңалықтар