Ғабит Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі болды

None
Фото: primeminister.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімажитұлы Сыздықбеков Шымкент қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков 1980 жылы 8 шілдеде Шымкент қаласында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік заң университетін, РФ СІМ Дипломатиялық академиясын бітірген.

· 2004-2007 жылдары – Мемлекеттік Хаттама қызметінің атташесі, Мемлекеттік Хаттама қызметінің үшінші хатшысы, Еуропа және Америка департаментінің үшінші хатшысы, ҚР СІМ Кеңсесінің баспасөз қызметінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы.

· 2007-2011 жылдары – Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы; Парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бас консультанты-сектор меңгерушісінің м.а.; Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл жөніндегі бөлім меңгерушісінің орынбасары, бөлім меңгерушісі; ҚР Парламенті Сенатының Аппараты.

· 2011-2012 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы.

· 2012-2017 жылдары – Франция Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі.

· 2017 жылы – ҚР СІМ Әкімшілік және бақылау департаментінің кеңесшісі.

· 2017-2019 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты төрағасының кеңесшісі; ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетімен өзара іс-қимыл бөлімінің меңгерушісі.

· 2019 жылы – ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі.

· 2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.

· 2021 жылы ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

· 2023 жылғы ақпаннан осы уақытқа дейін Үкімет Аппараты басшысының бірінші орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар