+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Ғабит Мұқанов Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды

2021 жылғы 4 тамыз 14:56
Бөлісіңіз:
Ғабит Мұқанов Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Ғабит Қасымбекұлы Мұқанов Шымкент қаласының прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жеңіс Өсербай ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды Қазақстанда апта ішінде болған кадрлық тағайындаулар Серік Саудабаев «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

Жаңа басшыны Бас прокурордың орынбасары Е.Кененбаев таныстырды.

Мәжіліске қала әкімі Мұрат Әйтенов қатысып, жаңадан тағайындалған қала прокурорының жұмысына сәттілік тіледі.

- Ғабит Қасымбекұлын прокуратура органдары саласында көп жылдық еңбегі бар, тәжірибелі заңгер ретінде білеміз. Елге сыйлы, абыройы биік, парасатты азамат ретінде танимыз. Республикалық мәртебесі бар Шымкент қаласын жаңа орталық ретінде дамыту міндеті тұр. Алға қойған мақсатымызға қол жеткізуде ең алдымен заң үстемдігін қамтамасыз етуіміз қажет. Шымкентті құқықтық тұрғыда үлгілі қалаға айналдыру бағытында сіздермен, прокуратура органдарымен, әріптестік байланыста жұмыс жүргіземіз деп сенім білдіремін, - деді мегаполис әкімі.

Ғабит Мұқанов 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1998 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған.

Алматы облысы Кербұлақ және Талғар аудандары, Алматы қаласы Алмалы ауданы прокурорларының орынбасары, Алматы облысы Талғар ауданының және Алматы қаласы Медеу ауданының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының басқарма бастығы –Аппарат басшысы және Нұр-Сұлтан қаласы прокурорының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

2019 жылдан бастап ҚР Бас прокуратурасының кадрларды дамыту департаментін басқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT