Ғабидолла Әбдірахымов шымкенттіктерді қала күнімен құттықтады

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Шымкент қаласының республикалық деңгейде қала статусын алғанына бір жыл толып отыр.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен өткен 2018 жылы 19-шы маусымда Шымкент еліміздегі үшінші мегаполис атанған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қала жұртшылығын осынау алғашқы мерекемен құттықтап, Шымкент дамудың жаңа сатысына қадам басқанын атап өтті.
null null

«Биыл бұл мерекенің біз үшін орны ерекше! Бұл - Шымкенттің республикалық қала статусындағы алғашқы мерекесі. Елбасы «Болашақ - миллионды қалалардың қолында» деп мәлімдеген еді. Міне, сүйікті Шымкентіміз сондай қалаға айналып келеді. Үшінші мегаполис «ақылды», «жасыл» әрі қауіпсіз қала атанады. Шымкент жаңа идеялар халқымыздың дәстүрімен қатар дамып, өткенін ұмытпайтын, сонымен қоса жаңа технологияларға ұмтылатын тұрғындар қаласына айналды. Үшінші мегаполисте заман талабына сай инфрақұрылым қалыптасып келеді, жаңа шағынаудандар, көшелер, спорт алаңшалары, тұрғын үйлер, мектептер мен балабақшалар салынуда. Инновациялық даму деңгейіне үлкен мән бере отырып, қала халқын әр жылғы мерекемізде жаңа мәдени, спорт, білім нысандарының бой көтеруімен қуантуға тырысамыз. Қаламыздың қарқынды дамуына қосып жатқан үлестеріңіз үшін шексіз алғысымды білдіремін!»,- деді Ғадбидолла Әбдірахымов.

Соңғы жаңалықтар