Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі қызметінен босатылды», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, Ғ.Әбдірахымов Шымкент қаласын 2015-2017 жылдары аралығында, сондай-ақ 2018 жылдың маусымынан осы уақытқа дейін басқарды.

2017 жылғы қазан – 2018 жылғы маусым аралығында «Нұр Отан» партиясының хатшысы болды.

Соңғы жаңалықтар