+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

Ғабидолла Әбдірахымов сенімді ақтамады – Қырымбек Көшербаев

2019 жылғы 30 шілде 20:08
Бөлісіңіз:
Ғабидолла Әбдірахымов сенімді ақтамады – Қырымбек Көшербаев

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың отставкасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысының әкімі​ Көкшетаудағы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді Сағынтаев: «Алматы Бизнес 2025» бірыңғай бағдарламасы жасалды «Астанаэнергосервис» АҚ жабылып, үнемделген қаржыға қыстық техника алынады

Оның айтуынша, Ғ. Әбдірахымов халық алдындағы жауапкершілігін толық ұғынған жоқ.

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, қазіргі басты міндет – халықтың сенімі, халық пен билік арасында диалог орнату. Өздеріңіз жақсы білесіздер, Ғабидолла Әбдірахымов ел билігінен қолдау тауып, таудай сенім арқалады. Оны еліміздегі ең лауазымды әрі жауапты қызметтерге тағайындады. Өкінішке қарай, мұны өзі жеткілікті түрде ұғынған жоқ», - деді Қ. Көшербаев Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында.

Президент Әкімшілігінің жетекшісі экс-әкімнің ұнамсыз қылықтарын атап өтті.

«Оның қылықтары БАҚ пен әлеуметтік желілерде егжей-тегжейлі жарияланып жүрді. Мұның бәрі дәл қазіргі уақытта – халық мемлекет қолдауына мұқтаж болып отырғанда, Арыс енді ғана еңсесін тіктеп, Түркістан жаңарып, еліміз жаңа заманның сын-қатеріне жауап іздеп жатқанда болды. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмаларына кереғар, биліктің абыройын түсіретін жағдай. Бүгінде Ғабидолла Әбдірахымовқа артылған саяси сенім шегіне жетті. Халық биліктің барлық тармағының адал жұмысына лайық. Осыған байланысты өңір басшылары халыққа қалтқысыз қызмет етіп, өздерін келісті ұстауы керек», - деп түйіндеді сөзін Қырымбек Көшербаев.

Еске сала кетсек, бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі лауазымынан босатылды. Оның орнына осы күнге дейін Отырар ауданын басқарып келген Ерлан Айтаханов тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әкім, Шымкент,
Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT