«Ғабдолла Тоқай және Түркі әлемі» атты халықаралық онлайн-конференция өтті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық Түркі академиясы татар халқының классик ақыны Ғабдолла Тоқайдың 135 жылдық мерейтойына арналған «Ғабдолла Тоқай және Түркі әлемі» атты халықаралық конференция өткізді.

Бұл туралы ҚазАқпарат «Egemen Qazaqstan» газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Онлайн форматта өткен алқалы жиынға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, М. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, Татарстан Республикасы Ғылымдар академиясының вице-президенті Дания Загидуллина, Назарбаев университеті Қазақ тілі және түркология кафедрасының меңгерушісі Юлай Шамилоғлы, Татарстан Республикасы Ғылым академиясы Ғ. Ибраимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтының мәтінтану бөлімінің меңгерушісі Марсель Ибрагимов, Татарстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы ресми өкілі Денис Валеев, Нұр-Сұлтан қаласының «Таң» татар-башқұрт мәдени орталығының жетекшісі Яннат Низамутдинова, РҒА Уфа ғылыми орталығы Тарих, тіл және әдебиет институтының қолжазбалар бөлімінің жетекшісі Ахат Салихов, Эгей университетінің прфессоры Мұстафа Өнер, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Түркология кафедрасының профессоры Амантай Шәріп, сонымен қатар түркі елдерінің танымал ғалымдары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Жиынның ашылуында сөз сөйлеген академия президенті Дархан Қыдырәлі Ғабдолла Тоқай шығармашылығының түркі әлемінде алатын орны туралы баяндап, конференция жұмыстарына табыс тіледі.

«Ғабдолла Тоқайдың мерейтойы бауырлас Татарстан жұртшылығы үшін ғана емес, бүкіл түркі халықтары үшін де айтулы оқиға», деді академия басшысы.

Конференция барысында ғалымдар татар классигінің еңбек жолы мен рухани мұрасына тоқталып, сондай-ақ шығармашылығындағы жалпы адамзаттық құндылықтар мазмұнды баяндамалар жасады.


Соңғы жаңалықтар