Ғаббас Қабышұлының түрік тіліне аударылған «Көңіл көгінде» жинағының тұсауы кесілді

None
None
АЛМАТЫ.ҚазАқпарат - Алматыда Ғаббас Қабышұлының түрік тіліне аударылған «Көңіл көгінде» атты эсселер жинағының тұсауы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, көрнекті қаламгер Ғаббас Қабышұлының түрік тіліне аударылған «Көңіл көгінде» атты эсселер жинағының тұсау кесер рəсімі Ұлттық кітапхананың Н.Дәулетова атындағы залында өтті.

Кітаптың аударылуына Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Еуразия Жазушылар қауымдастығы мұрындық болған. Тұсаукесерге Анкарадан арнайы келген елшілік қызметкері, дипломат, жазушы Мәлік Отарбаев Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлының құттықтауын оқып берді.

null 

«Кітап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында түрік тіліне аударылды. 2014 жылдан бері 30-дан астам қаламгердің кітаптары аударылып басылып, насихатталып жатыр. Түркияда кітап шығару оңай емес. Бірақ шүкір, түрік бауырлардың қазақтың сөз өнеріне деген ықыласы жоғары», - деді Мәлік Отарбаев жазушыны құттықтай келе.

Жазушы Әлібек Асқаров аталған еңбекке сағынышқа толы жинақ деген баға берді.

«Ғаббас ағаның кітабы сағынышқа толы кітап. Ағаларына, 60-70 жылдардағы адалдыққа деген сағыныш бар. Кітаптың түрік тіліне аударылғаны да қуантып отыр. Кітапты 60-шы жылдардағы адамгершілік дәуірінің гимні десе де болады», - деді Әлібек Асқаров.

Кітап Еуразия Жазушылар қауымдастығына қарасты «Бенгу» баспасынан шығып отыр.

Соңғы жаңалықтар