Гаагада полиция мыңнан астам экобелсендіні ұстады

None
Фото: AP
ГААГА. ҚазАқпарат – Климаттың өзгеруіне қарсы акция аясында «Жойылып жатқандар көтерілісі» ұйымының экоактивистері сенбіде Гааганың басты магистралін жарты күнге жауып тастады. Бұған дейін Нидерланды билігі митинг өткізуге рұқсат беруден бас тартқан болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтемемен.

Тыйым салынғанына қарамастан, наразылық ұйымдастырушылары өз жақтастарын Үкіметтің қазба отын компанияларын субсидиялауын тоқтатуға бағытталған демонстрацияға шығуға шақырды.

Экобелсенділер тараудан бас тартқаннан кейін полиция су шашқыштарды іске қосып, наразылық білдірушілерді полиция фургондарымен жолдан таратты.

Мыңнан астам адам қамауға алынды. 850 адам қазірдің өзінде айып тағылмастан босатылды. Ұстау кезінде бірнеше демонстрант жеңіл жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар