Гаага қаласында қазақ бишілері Қара жорға биін паш етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гаага қаласында шаһар муниципалитетінің ұйымдастыруымен және шетелдік дипломатиялық миссиялардың қолдауымен алтыншы халықаралық «Embassy Festival-2018» туристік фестивалі өтіп жатыр. Биыл аталмыш шараға Голландияның әкімшілік қаласында орналасқан алпысқа тарта елшілік қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Нидерландыдағы Қазақстан елшілігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Жыл сайын өткізілетін фестиваль бұл күнде қаланың өзіндік қолтаңбасына, ерекшелігіне, өрнегіне айналған. Ал оған қатысушы шетелдік миссиялардың саны жыл санап артып келеді. Фестивальдің жыл сайынғы бағдарламасына тегін шеберлік сабақтары, әлемге әйгілі әншілердің өнер көрсетуі, әлемдік ас мәзірінің дегустациясы, поп, джаз, халықтық және классикалық әндер енетін ерекше музыкалық бағдарлама, ұлттық костюмдермен фото түсіру шаралары енеді.

nullБиыл Алматы қаласының туризм және сыртқы байланыс басқармасының қолдауымен Нидерландыдағы Қазақстан елшілігі еліміздің ұлттық павильонын құрды.

nullҚазақстандық павильон ерекше жинақылығымен, естелік сыйлықтарының көптігімен, ұлттық тағамдардың дәмділігімен меймандар назарын өзіне аудартты. Павильонда ұйымдастырылған шеберлік сабағы барысында көптеген меймандар қазақтың ұлттық тағамдарын, ірімшікті өздері дайындап көрді. Сазсырнай мен домбыраны қолына алып, қазақтың шапаны мен бөркін киіп, мәре-сәре болды.

nullФестивальдің бас сахнасында Құрманғазының, Дәулеткерей мен Динаның күйлері орындалып, әуезді күйлердің желісімен «Домбыра туралы аңыз» қойылымы қойылды. «Көкжайлау Астана» шығармашылық ұжымының орындауындағы Қара жорға көптің назарын аударып, жиналған жұртшылықтың қошеметіне ие болды.

nullТуристік-ақпараттық орталықтың өкілдері жиналған меймандарға Алматы туралы баян етіп, оны Қазақстанның басты туристік орталығы ретінде таныстырды. Жиналған қонақтардың көбі жуық арада Қазақстанға турист ретінде баруға ниет білдірді.
Фестиваль соңында қазақстандық павильонның маңында қазақ әртістері мен қонақтардың қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды.

 

null

Соңғы жаңалықтар