G20 келесі саммиттері Еуропада өтпейтін болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Гамбургте (Германия) әлемнің жетекші елдерінің басын қосқан «Үлкен жиырмалық» саммиті жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Росбалт.

Жиын барысында «Үлкен жиырмалық» саммиті өтетін үш елдің аты қатар аталды. G20  елдерінің көшбасшылары 2018 жылы Аргентинада, 2019 жылы Жапонияда, ал 2019 жылы Сауд Аравиясында бас қоспақ.

Айта кетейік, «Жиырмалық тобына» Ресей, АҚШ, Еуропа одағы, Аргентина, Австралия, Бразилия, Ұлыбритания, Канада, Қытай, Франция, Германия, Үндістан, Индонезия, Италия, Жапония, Мексика, Сауд Аравиясы, ОАР мен Оңтүстік Корея елдері кіреді.

Соңғы жаңалықтар