+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

G20 елдерінің басшылары коронавирус вакцинасы тең таралуын қаржыландыруға ниетті

2020 жылғы 22 қараша 12:59
Бөлісіңіз:
G20 елдерінің басшылары коронавирус вакцинасы тең таралуын қаржыландыруға ниетті

БЕЙЖІҢ. ДУБАЙ. ВАШИНГТОН. ТАСС – ҚазАқпарат - Жексенбідегі онлайн-саммитте Үлкен жиырмалыққа (G20) кіретін ел басшылары коронавирусқа қарсы вакциналар мен дәрі-дәрмектердің, сондай-ақ кедей елдер де көмек алуы үшін коронавирус инфекциясына тестілердің тең дәрежеде бөлінуін қаржыландыру міндеттемесін қабылдауға ниетті. Бұл туралы G20 коммюнике жобасында хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
660 науқас коронавирус індетінен емделіп шықты Өткен тәулікте 826 адамнан коронавирус инфекциясы табылды Тұмау тарайтын уақытта коронавирустың да белсенділігі байқала бастады - дәрігер

«Біз бар күшімізді салып, мүше елдердің инновацияларды ынталандыру жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес, барлық адамдардың вакциналарды әділ және қолайлы жағдайларда алуына мүмкіндік жасаймыз», – делінген құжат жобасында.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, әлемдік көшбасшылар болашақта кез келген ықтимал пандемияға жақсы дайындалуға ниет білдіргісі келеді. Коммюнике жобасында айтылғандай, олар «пандемияға жаһандық дайындықты, алдын алу, анықтау және жауап беру тетіктерін дамытуға», сондай-ақ «өзекті, ашық және стандартталған деректер мен ақпаратты үздіксіз бөлісуге» міндеттенеді.

Сауд Арабиясының королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың төрағалығымен Жиырмалық тобының саммиті 21-22 қараша аралығында онлайн форматта өтуде. Талқыланатын тақырыптардың бірі – пандемиядан туындаған дағдарыстан кейін экономикалық өсуді қалпына келтіру. Коронавируспен байланысты проблемалардан басқа, саммитте бірқатар басқа мәселелер, атап айтқанда, инновациялар, денсаулық сақтау саласын нығайту, қоғамның әлсіз топтарын қолдау талқыланады. Биылғы жылы «жиырмалық» мемлекеттері пандемияның салдарына қарсы тұру үшін бірқатар шара қабылдады. Атап айтқанда, коронавирус вакцинасын өндіруді және таратуды қолдау мақсатында әлемдік денсаулық сақтау жүйесіне 21 миллиард доллар салу туралы шешім қабылданды. G20 елдері, сондай-ақ, әлемдік экономиканы қалпына келтіруге 11 трлн доллар бөлді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT