G20 елдері ішіндегі жұмыссыздық деңгейі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен де жоғары болып тұр - В.Путин

None
None
АСТАНА. 6 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгінде қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, G20 елдері ішіндегі жұмыссыздық деңгейі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен де жоғары болып тұр. Бұл туралы бүгін Санкт-Петербор қаласында басталған G20 саммитінің екінші мәжілісінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин мәлім етті.

В.Путин атап көрсеткендей, жұмыссыздық мәселесі - биылғы саммит жұмысының басты тақырыбы. «Себебі бүгінде қолға алынып жатқан шараларға қарамастан, G20 елдері ішіндегі жұмыссыздық деңгейі дағдарысқа дейінгі көрсеткіштен де жоғары болып тұр. Бәрімізге ортақ мәселелер көп. Мәселен, жастар арасындағы жұмыссыздық өзекті проблемаға айналды. Бұдан бөлек, кәсіби мамандардың өздеріне жұмыс табылмай отыр. Олардың арасында да жұмыссыз азаматтардың саны артып келеді. Содан мемлекетке салық түрінде түсетін кірістердің көлемі азайып жатыр. Соның нәтижесінде бюджет ресурстары да қысқаруда», - деп атап көрсетті В.Путин. РФ президентінің айтуынша, жұмыссыздықтың көбеюіне ұзақ мерзімді инвестициялардың азаюы әсер етіп отыр. Сондықтан бүгінде сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары сияқты инвесторларды тарту аса маңызды. Себебі олардың айналымында шамамен 90 трлн. доллар бар.

Соңғы жаңалықтар