G20 елдері COVID-19-бен күреске $21 миллиардтан астам қаржы бөлмек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – G20 елдері мен шақырылған мемлекеттер коронавирус инфекциясы пандемиясымен күреске $21млрд-тан астам қаржы бөлуге келісті. Бұл туралы ҚазАқпарат rbc агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қаржы диагностика мен коронавирус инфекциясының еміне, вакцианалар әзірлеуге, сондай-ақ пандемиямен күрес аясында зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалады.

Наурыз айында бейнеконференция форматында өткен «Жиырмалықтың» бірінші саммитінде G20 елдері коронавируспен күреске қаржы бөлуге келіскен болатын. Кездесуде көшбасшылар пандемияның әлемдік экономикаға тигізетін кері әсеріне қарсы іс-қимылға ауқымды қаржылық көмек көрсетуді қолдаған. Олар бірлестік елдерінің коронавирустың зардаптарымен күресу үшін 5 трлн АҚШ долларын бөліп жатқанын хабарлады.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметтері бойынша әлемде 6,731 млн адам адам коронавирус жұқтырған. Расталған жағдайлар саны бойынша 1,89 млн-нан астам адам вирус жұқтырған АҚШ көш бастап тұр. Екінші орында Бразилия (614,9 мың), үшінші орында Ресей (449,2 мың) тұр.


Соңғы жаңалықтар