Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрына жаңа көркемдік жетекші тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Әуезов атындағы драма театрдың актері, «Өнертану» магистрі - Ерлан Әбділдаұлы Біләл Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына жаңа көркемдік жетекші ретінде тағайындалды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне өнертанушы Гүлназ Әділғалиқызы хабарлады.

1971 жылы Алматы облысы, Райымбек ауданы, Текес ауылында дүниеге келген Ерлан Біләл 1993 жылы Қазақ Мемлекеттік Т.Жүргенов атындағы Театр-Кино институтын (қазіргі Өнер академиясы) театр-кино актері мамандығы бойынша тәмамдап, осы жылы М.Әуезов театрының актерлік тобына қабылданған. 2011 жылы 12 қыркүйегінен бастап театр директорының орынбасары қызметін атқарды.

Сахнада актер М.Әуезовтің «Абайында» Керім, «Қарагөзінде» Сырым (реж. Ә.Мәмбетов), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Ж.Хаджиев), «Айман-Шолпанында» Әлібек (реж.Е.Обаев), «Абайында» Абай (реж.Е.Обаев), «Қилы заманында» Ұзақ батыр (сахналық нұсқасы.Н.Оразалин, реж.Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Балуан Шолақ (реж.Е.Обаев), Б.Жәкиевтің «Жүрейік жүрек ауыртпайында» қарияның ұлы (реж.Е.Обаев), И.Сапарбайдың «Сыған серенадасындағы» Шәмші (реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), «Қыз мұңында» генерал (реж.Е.Обаев, Т.Аралбай), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» Қозы («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», реж.Қ.Сүгірбеков) рөлдерімен белгілі.

Белгілі актер «Хабар» телеарнасында «Алтыбақан», «Кеш қалмаңыз», «Атамекен» бағдарламаларының жүргізушісі ретінде де кеңінен танымал. Фильмдердің қазақ тілінде көркем шығуына, яғни дубляжға да атсалысып жүр.

Соңғы жаңалықтар