Г.Головкин Мұхаммед Әлидің құрметіне ұйымдастырылған қайырымдылық кешке қатысты (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин АҚШ-тың Аризона штаты Финикс қаласында өткен «Celebrity Fight Night» қайырымдылық кешіне қатысты. Бұл туралы GGG-дің ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында хабарланды.

АҚШ-тағы элиталы қайырымдылық кештерінің бірі Celebrity Fight Night - Мұхаммед Әлидің құрметіне ұйымдастырылып келеді.

Оған АҚШ-тың түкпір-түкпіріндегі танымал әрі кәсіби спортшылар қатысып, кеш аясында бәссауда өтті. Сондай-ақ, батыстың шоу бизнесі өнер көрсетті. 20 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келе жатқан Celebrity Fight Night қайырымдылық шарасы осы уақыт аралығында 100 млн. доллар жинап, Барроу неврологиялық институты жанындағы Мұхаммед Әли атындағы Паркинсон орталығына аударған.

Соңғы жаңалықтар