G-Global жобасына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп жатқан жоқ - C.Нөгербеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал халықаралық ақпараттық коммуникативті G-Global тұғырнамасына мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлініп жатқан жоқ. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығы үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Серік Нөгербеков мәлім етті.

«Ғалымдардың еуразиялық клубы үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйым ретінде аталған жобаны жүзеге асыруды өз қалауымен бастады. Бүгінде G-Global халықаралық жобасын іске асыруға еліміздің мемлекеттік бюджетінен қаржы бөлінген емес. Яғни, жоба үкіметтік емес ұйымдардың күшімен, ынтасымен алға жылжып келеді», - деді сенатор.

Айта кетейік, G-Global негізгі халықаралық қазақстандық бастамаларды алға жылжыту үшін құрылған халықаралық ақпараттық коммуникативті тұғырнама болып табылады.

Соңғы жаңалықтар