G-Global тұғырнамасында жылсайын жасыл бастамаларды ілгерілету байқауын өткізу қажет - С.Нөгербеков

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - G-Global тұғырнамасында жылсайын жасыл бастамаларды ілгерілету байқауын өткізу қажет. Бұл туралы бүгін «Жасыл көпір: Алдыңғы қатарлы практив және инновациялар үшін серіктестік тұрғынамасы» атты халықаралық конференция барысында G-Global халықаралық хатшылығының басшысы Серік Нөгербеков айтты.

«G-Global халықаралық хатшылығы «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын, «ЭКСПО-2017»-ні, БҰҰ-ның «Барлығы үшін тұрақты энергетика» бастамасын ілгерілету аясында біздің тұғырнамада жасыл бастамаларды, жасыл жобаларды, сонымен қатар институттық, ақпараттық және білім беру бағдарламаларын ілгерілету үшін жылсайынғы байқау өткізуді ұсынады», - деді ол. Сонымен қатар, ол «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық аясында G-Global халықаралық хатшылығы өзінің серіктестерімен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» республикалық онлайн конференциясын өткізгенін атап өтті. «Байқау жарияланғанға дейін орыс және ағылшын тілдерінде 600-ден астам жоба келіп түсті. Біздің сарапшыларымыз олардың ішінен үздік 50 жобаны іріктеп алды. Ал оның 5-еуі қазіргі уақытта коммерциализациялану кезеңінде», - деді С.Нөгербеков.

Соңғы жаңалықтар