+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

G-Global өзектілігі жылдан-жылға арта түсетін болады - Paris Match

2016 жылғы 7 қыркүйек 17:55
Бөлісіңіз:
G-Global өзектілігі жылдан-жылға арта түсетін болады - Paris Match

ХАНЧЖОУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстанда құрылған G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңын «G-20» және дамушы елдер арасындағы сұхбат орталығы ретінде құру бастамасының өзектілігі жылдан-жылға арта түсетін болады. «ҚазАқпарат» тілшісіне берген сұхбатта Paris Match француз апталығының тілшісі Ричард Арзт осындай пікір білдірді.

«ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуын қабыл алып, Қазақстанның G20 саммитіне қатысуы өте маңызды. Осылайша, Қазақстан кезекті рет әлем экономикасының үздік жиырмалығымен сұхбат құрды және жаһандық мәселелерді шешу жолдарына қатысты өз көзқарастарын жеткізе алды. Менің ойымша, Н.Назарбаевтың G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңы негізінде «G-20» мен дамушы елдердің арасындағы сұхбат орталығын құру бастамасының маңызы жылдан-жылға арта түседі», - деді ол.

Р. Арзт саммит алаңында Франция президенті Франсуа Олланд пен Нұрсұлтан Назарбаевтың кездескенін атап өтті.

Айта кетейік, 1 қыркүйекте Н. Назарбаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыртуымен G20 саммитіне қатысу үшін Қытайға келді.

Бірінші сессияда Н. Назарбаев жаһандық экономикалық мәселелерді шешу жолдары туралы өз көзқарасын білдірді. Сонымен бірге, Қазақстанда құрылған G-Global ақпараттық-коммуникативтік алаңын «G-20» және дамушы елдер арасындағы сұхбат орталығы ретінде қарастыруды ұсынды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT