G-Global келесі жылы Африкада жаһандық жобаларды іске қосады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – G-Global келесі жылы Африкада жаһандық жобаларды іске асырады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткне брифингіде Нельсон Манделаның немересі, Тембикеле Мандела қорының бас директоры Ндилека Мандела мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сөз басында Ндилека Мандела G-Global-дың Африкадағы өкілдігін үш айдан бері басқарып келе жатқанын айтып өтті.

«G-Global келесі жылы Африкада жаһандық жобаларды іске қосады. Бұл біз үшін өте елеулі оқиға. Себебі G-Global жобасы Африкадағы әйелдер үшін жұмыс орындарын құрып,, мүмкіндіктерін кеңейту ісінде мультипликациялық әсер береді. Бір адамға мүмкіндік жасай отырып, 10 адамға шарапат тигізуге болады. G-Global жобасының аясында құрылған 8 мың жұмыс орны кейін миллиондаған жаңа жұмыс орнының ашылуына түрткі болды», - деді Ндилека Мандела.

Қордың бас директоры әйелдерді қолдау бағытында іске асатын үш жобаға тоқталды.

«Біріншісі – көшбасшылықты дамытудың бірнеше бағдарламасы. Көшбасшылықты дамыту ерте жастан басталуы керек. Сондықтан көшбасшылық тәжірибесін жастар арасында кеңінен тарату керек. Екінші бағыт – әйелдерге арналған кәсіпкерлік бағдарламалары. Қор қызметкерлері әйелдерге бизнесті қалай ашып, дамыту керектігін үйретеді. Өйткені бұған дейін Африкадағы әйелдердің бизнеспен айналысуға мүмкіндігі болып көрмеген еді. Үшінші бағыт – білім беру. Бұл да құрлықтағы әйелдер үшін әлі өзекті мәселе», - деді Нельсон Манделаның немересі.

Оның айтуынша, өзі басқаратын қор денсаулық сақтау саласына көп көңіл бөледі. Нақтырақ айтсақ, ауылдық елді мекендерде медициналық қызметке қолжетімділікті арттыру үшін демеушілерден медициналық жабдықтарды сатып алуға қаражат жинайды.

«Менің атам Нельсон Мандела денсаулық сақтау және білім беру сияқты салалардың маңызы маңызы зор ден есептеген. Қоғамды өзгертудің тікелей жолы – балалардың білім алуына мүмкіндік жасау. Біз балаларға, жастарға арналған стипендиялар мен гранттар іздеуге күш саламыз», – деді Ндилека Мандела.

G-Global коммуникативтік алаңын құру туралы бастаманы ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты отырыста жариялаған болатын. Қазіргі уақытта G-Global коммуникативтік алаңы жаһандық мәселелерді талқылайтын интернет-платформаға айналып отыр.


Соңғы жаңалықтар