G-Global ғаламдық қатерлер мен апаттарды еңсерудегі ұтымды механизмге айналады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біз G-Global алаңы әлемдік қауымдастыққа нақты қажетті коммуникативтік алаң ретінде ғаламдық қатерлер мен апаттарды еңсеру және олардың алдын алу бағытындағы жаңа

шешімдердің ұзақмерзімді ұтымды механизмі мен көзіне айналатындығына сенімдіміз. Бұл туралы «Адами орнықты дамудың жаңа парадигмасы: G-Global - жаһандық диалог форматы» атты халықаралық конференцияға қатысушылардың хатында жазылған, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметінен. Бүкіләлемдік ғылым және өнер академиясы (WAAS) мен Бүкіләлемдік университеттер консорциумының Президенті Эйтор Гургулино де Соуза, WAAS Құрметті президенті, Рим клубының кеңесшісі Иво Шлаус пен WAAS Атқарушы директоры Гарри Джейкобс ұйымдастырылған конференция үшін қатысушылардың атынан шынайы ризашылықтарын білдірген. «Біз Қазақстанның тиімді экономика құру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, саяси демократиялану бағытындағы елеулі жетістіктерінен зор әсер алдық. Бүгінде Қазақстан қоғамдық тұрақтылықтың, түрлі этнос пен конфессия өкілдерінің бейбіт өмірінің жарқын үлгісі болып табылады және халықаралық интеграция үрдістерінде көш бастауда», - делінген хатта. Конференцияға қатысушылардың атап өткеніндей, оның қорытындысы Мемлекет басшысының барлық мүдделі мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, сарапшылық топтардың және әлем жұртшылығының көпжақты ықпалдастығының жаңа форматын құру туралы идеясы жаһандық проблемаларды шешуге қажетті қадам екендігінің тағы бір дәлеліне айналды. Соңында хат авторлары G-Global бастамасына әлемдегі тиімді диалог алаңы ретінде қолдау білдіріп, Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, амандық және Қазақстан мен бүкіл әлем игілігі үшін атқарып жатқан еңбегіне табыс тілейді.

Соңғы жаңалықтар