Футзалдан жолдастық кездесуде Қазақстан құрамасы Әзербайжанды екінші мәрте жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін Әзербайжанмен екінші жолдастық кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтау қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде өткен кездесу футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеуге дайындық есебінде ұйымдастырылды.

Бүгінгі кездесуде құрамалар тарапынан тартысты ойын өрбіді. Олар бір-бірінің қақпасы маңында жиі бой көрсетті.

Әзербайжан құрамасы бүгінгі кездесуде жеңіске жету жолын іздеді. Нәтижесінде олар ойын барысында есеп бойынша алда тұрды. Десе де қазақстандық футзалшылар оларға лайықты тойтарыс бере білді.

Осылайша қазақстандық футзалшылар қарсыласынан 6:5 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Әзербайжанды жеңген болатын.

Енді ел құрамасы әлем чемпионатының негізгі сатысындағы іріктеу кезеңінде бесінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Словения және Черногория.

Іріктеу кезеңі 2022 жылдың 8 қазанында басталып, 2023 жылдың 8 наурызында аяқталады.



Фото: sports.kz






Соңғы жаңалықтар