Футзалдан Португалиядағы турнир: «Қайрат» екінші мәрте жеңіске жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматылық «Қайрат» футзалдан Португалияда өтіп жатқан «International Masters Cup» турнирінде екінші мәрте жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық команда екінші кездесуінде Португалияның «Бенфика» клубымен шеберлік байқасты.

Ойын 5:2 есебімен «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Олардың қатарынан Кайо Руис пен Алекс Виана екі голдан соқса, Денер Родриго бір мәрте мергендік танытты.

Айта кетсек, «Бенфика» 2009/10 жылғы маусымда футзалдан УЕФА кубогының (қазіргі футзалдан Чемпиондар лигасы) жеңімпазы болған.

Енді алматылық клуб 26 тамызда елорда уақытымен 23:30-де португалиялық «Брагамен» кездеседі.

Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайрат» аталған турнирде атақты «Спортингтен» басым түсті.

Ал «Қайрат» футзалдан «Mucho Mas» турнирінде қола жүлдеге ие болды.


Соңғы жаңалықтар