Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА рейтингінде ТОП-4-ке енді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат — Футзалдан Қазақстан құрамасы УЕФА ресми рейтингісінде төртінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

УЕФА құрамаларының жаңартылған рейтингісінде Португалия командасы бірінші орыннан үшінші орынға сырғыды. ТОП-3 құрамына Испания, Ресей және Португалия енген.

Футзалдан УЕФА рейтингі:

1. Испания — 2229,843;

2. Ресей — 2115,118;

3. Португалия — 209,246;

4. Қазақстан — 2097,180;

5. Әзербайжан — 2018,718.

ҚР құрамасы Еуро-2022 іріктеуінде көрсеткен жақсы ойыннан кейін осындай нәтижеге қол жеткізіп отыр. Еске сала кетейік, қазақстандықтар Венгрияны жеңген болатын (5:0).

Соңғы жаңалықтар