Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанды жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстанның ұлттық құрамасы жолдастық матчта Әзербайжан командасын жеңді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» CAA ҚР Футбол федерациясына сілтеме жасап.

Бакуде өткен ойын қазақстандық команданың пайдасына 1:3 есебімен аяқталды. Отандық команданың құрамында голды Шыңғыс Есенаманов, Біржан Оразов пен Игита соқты. Еске салайық, аталмыш мачт құраманың жаңа бапкері Пауло Рикардо Кака үшін жаңа қызметіндегі алғашқы ойын болды.

Әзербайжан - Қазақстан - 1:3

Ұпайлар: Багиров -14, Оразов - 8, Есенаманов - 9, Игита - 30.

Әзербайжан: Ровшан Гусейнли, Эмин Кюрдов - Хатаи Багиров, Самир Гамзаев, Ризван Фарзалиев, Нихад Исмайлов, Рамиз Човдаров, Иса Атаев, Эмин Микаилов, Адем Габибов, Намик Мамедкеримов, Фарид Атакишиев, Канан Манафов.

Казақстан: Игита, Александр Гуров, Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Тайнан, Біржан Оразов, Дәурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов, Альберт Акбаликов, Қайрат Иманәлин, Арнольд Кнауб, Александр Довгань, Антон Рындин.

Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар