Футзалдан Қазақстан кубогының иегері анықталды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан кубогының иегері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған ойында Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аят» командалары шеберлік байқасты. Кездесуде алматылық клуб қарсыласын 4:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша «Қайрат» Қазақстан кубогының иегері атанды.

Айта кетсек, екі команда биыл Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде сынға түседі.

Алматылық «Қайрат» 1-топқа түсті. Онда қазақстандық клуб испаниялық «Мальорка», франциялық «Спортинг Париж» және бельгиялық «Андерлехт» командаларымен шеберлік байқасады.

Рудныйлық «Аят» 2-топта португалиялық «Спортинг», хорватиялықтар «Ново Време» және «Пула» командаларымен сынға түседі.

Негізгі кезең матчтары 25-30 қазан аралығында өтеді. Элиталық кезеңге әр топтан үздік үш команда қатысады. Элиталық кезең кездесулері 22-27 қарашаға жоспарланған.

Еске салсақ, футзалдан Қазақстан құрамасы Әзербайжанмен жолдастық кездесу өткізеді.




Фото: kazfootball.kz

Соңғы жаңалықтар