Футзалдан Қазақстан қауымдастығы төрт жылдан кейін жұмысын қайта бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан футзал қауымдастығы жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат KazFootball.kz сайтына сілтеме жасап.

Төрт жыл өткеннен кейін Қазақстан футзал қауымдастығының жұмысы қайта басталды. Оның басшысы болып елге танымал педагог, Алматы мемлекеттік энергетика және электр технологиялары колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев тағайындалды.

Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Футзал қауымдастығы арасында келісімшарт жасалып, оған сәйкес ҚФФ Қазақстан чемпионатын, Кубогын және Суперкубогын өткізу өкілетін береді.

6 қыркүйекте «Қайрат» пен «Аят» арасындағы Қазақстан Суперкубогының матчымен жаңа маусым басталады. Келесі күні ел кубогының жалауы желбірейді. Оған сегіз команда қатысады.

Осы жылдың қазан айында Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатының іріктеу матчтарын өткізеді.


Фото: kazfootball.kz




Соңғы жаңалықтар