Футзалдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» «Атыраудан» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық ойынының алғашқы кездесуінде Алматының «Қайрат» командасы «Атырау» командасын тізе бүктірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл кездесуде алматылық клуб қарсыласынан 9:2 есебімен басым түсті. Ойын барысында Тұрсағұлов пен Оразов бір, Диего пен Эдсон екі, Ақбалықов үш голдың авторы атанды. Ал «Атырау» сапынан Далтон мен Эрик Данило көзге түсті.

Финалда командалар біреуінің үш жеңісіне дейін шеберлік байқасады. Енді екі клуб 11 және 14 мамыр күндері бәсекелеседі. Бұл ойындарда жеңімпаз анықталмаған жағдайда тағы екі кездесу 17 және 18 мамырға белгіленіп отыр.

Үшінші орын үшін сайыста «Аят» «Ақтөбені» жалпы серияда 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдеге қол созды.


Соңғы жаңалықтар