Футзалдан Еуропа чемпионаты: Ресей мен Хорватия қарсыластарын қапы қалдырды
2022 жылғы 22 қаңтар 10:53

Футзалдан Еуропа чемпионаты: Ресей мен Хорватия қарсыластарын қапы қалдырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысы топтық кезеңіндегі үшінші ойын күнінің нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетсек, 21 қаңтарда С тобындағы құрамалар сынға түсті. Бұл күні Ресей Словакияны 7:1, Хорватия Польшаны 3:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді аталған топта 25 қаңтарда Ресей мен Хорватия, Польша мен Словакия құрамалары шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, бүгін D тобында алғашқы тур ойындары өткізіледі.

Аталған топта Грузия мен Әзербайжан, Испания мен Босния және Герцоговина құрамалары сынға түседі.

Еске салсақ, В тобында ойнайтын Қазақстан бірінші турда Словениямен 4:4, Италия мен Финляндия 3:3 есебімен тең түсті.

Екінші турда Италия мен Словения, Қазақстан мен Финляндия алаңға шығады.

Айта кетсек, Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финал сатысында екі мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы 4-орын алды.

Еуропа чемпионаты 1996 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бүгінге дейін Испания - 7, Италия - 2, Ресей мен Португалия бір мәрте чемпион атанды.


Jańalyqtar

MURAǴAT