Футзалдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан Италияға қарсы құрамын жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионаты финалдық сатысы топтық кезеңіндегі үшінші ойынында Италяиға қарсы құрамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алғашқы минуттан алаңға Игита, Тайнан, Тұрсагұлов, Дуглас, Оразов бестігі шығады. Ойын барысында оларды Атантаев, Карағұлов, Эдсон, Валиуллин, Кнауб, Тоқаев, Сағындықов алмастыра алады.

Кездесу елорда уақытымен 22.30-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы В тобында сынға түсуде. Қарсыластары - Словения, Финляндия және Италия құрамалары.

Екі турдан кейін 4 ұпаймен Қазақстан көш бастап тұр. Алдымен қазақстандық футзалшылар Словениямен 4:4 есебімен тең түссе , одан кейін Словенияны 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Одан кейінгі орындардағы Италия мен Словенияның еншісінде екі-екіден ұпайдан болса, Финляндия бір ұпай еншілеген. Сондықтан бүгін қазақстандық футзалшылар жеңіске жетуі немесе тең түсуі қажет. Әрбір топтан алғашқы екі орын алған құрамалар ширек финалға жолдама алады.

Еске салсақ, Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы 4-орын алды.



Соңғы жаңалықтар