Футзалдан Еуропа чемпионаты: Финалдық кезеңге жолдама алған құрамалар анықталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңіндегі бесінші топтағы ойындар мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, аталған топта Қазақстан құрамасы сынға түсті. Қарсыластары - Беларусь, Венгрия және Израиль құрамалары.

Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде бірде-бір ұпай жоғалтқан жоқ. Атап айтқанда, Венгрия (5:0, 6:1) мен Беларусьті (5:2, 6:1) қапы қалдырып кетті. Одан кейін елордада Израильді (4:1, 4:0) есебімен тізе бүктірді.

Бүгін, 13 сәуірде аталған топтағы Беларусь өз алаңында Венгрияны 5:2 есебімен тізе бүктірді. Осылайша аталған топта тоғыз ұпаймен екінші орынға табан тіреді. Бүгінгі жеңісінен кейін беларусьтік футзалшылар жарыстың финалдық сатысына шықты.

Бұл топта 18 ұпаймен Қазақстан Еуропа чемпионатына тікелей жолдама алды. Ал Венгрияда - 6, Израильде - 3 ұпай бар.

Әзірге финалдық кезеңге жолдама алған 14 құрама белгілі. Олардың қатарында Қазақстаннан өзге Нидерланды, Хорватия, Ресей, Әзербайжан, Босния және Герцоговина, Қазақстан, Испания, Италия, Португалия, Грузия, Словения, Финляндия, Украина және Беларусь құрамалары бар.

Еуропа чемпионатының финалдық сатысы 2022 жылдың 19 қаңтар және 6 ақпан аралығында Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында өткізіледі.




Соңғы жаңалықтар