Футзалдан Еуропа чемпионаты -2022: Қазақстан құрамасында кімдер ойнайды
2022 жылғы 18 қаңтар 22:02

Футзалдан Еуропа чемпионаты -2022: Қазақстан құрамасында кімдер ойнайды

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында сынға түсетін Қазақстан құрамасының толық құрамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас бапкер Рикарду Кака оған қатысатын 14 шәкіртінің есімін атады. Олардың қатарында қақпашылар - Игита мен Рауан Атантаев, ойыншылар - Тайнан, Нұрбек Қарағұлов, Эдсон, Лео, Азат Валиуллин, Альберт Ақбалықов, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Дәурен Тұрсағұлов, Жомарт Тоқаев, Дуглас, Біржан Оразов бар.

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан өткізіледі.

Ел құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Италия, Словения және Финляндия.

Алдымен 20 қаңтарда Словениямен кездессе, 24 қаңтарда Финляндиямен, 28 қаңтарда Италиямен шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасы бұған дейін Еуропа чемпионаты финалдық сатысында екі мәрте сынға түсті. 2016 жылы - 3, 2018 жылы - 4 орын алды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында төртінші орын алды.




Jańalyqtar

MURAǴAT