Футзалдан Еуро-2023: Қазақстанның жастар құрамасы іріктеу турнирін жеңіліспен бастады

None
Ашық көздерден алынған фото
АСТАНА. ҚазАқпарат– Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы футзалдан 2023 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алғашқы ойында қазақстандықтар польшалық қатарластарымен кездесіп, оларға 2:3 есебімен есе жіберді. Жеңімпаздар арасынан Шимон Личнерски (1-ші және 2-ші минутта) мен Оскар Дмохевич (29-шы минутта) мергендік танытса, Қазақстан құрамасы сапынан Дамир Қайырбай (16-шы минут) мен Александр Дерябин (33-ші минут) гол соқты.

23 наурызда жастар құрамасы Молдова құрамасымен ойнайды. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады. Содан кейін Қазақстан құрамасы 25 наурызда Словенияға қарсы ойнап, іріктеу турниріндегі қорытынды матчын өткізеді.


Соңғы жаңалықтар