Футзалдан Чемпиондар лигасы: Қазақстандық екі команда қарсыластарынан жеңілді
Жарыстың аталмыш сатысында Алматының «Қайраты» мен Рудныйдың «Аят» командалары сынға түседі. Екі команда да бірінші турда қарсыластарына есе жіберіп қойды.
«Қайрат» бақ сынап жатқан С тобындағы ойындар Алматы қаласында өткізілуде. Бүгін алматылықтар Испанияның «Мурсия Эль-Посо» командасымен кездесті. Бұл кездесуде испан футзалшылары 4:1 есебімен жеңіске жетті. Олардың қатарынан Фернан 19, Маттеус 34, Алекс 36, Альберто 37-минуттарда гол соқса, «Қайрат» сапынан Альберто 28-минутта жалғыз голмен жауап қайырды.
Енді «Қайрат» 22 қарашада Португалияның «Бенфика», 24 қарашада Италияның «Песаро» командасымен кездеседі. «Бенфика» бүгін «Песародан» 1:5 еесбімен жеңіліп қалды.
Ал «Аят» В тобында Ресейдің Тюмень қаласында бүгін жергілікті «Тюмень» командасынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Енді «Аят» 22 қарашада Португалияның «Бенфика», 24 қарашада Хорватияның «Ново Вриеме» клубтарымен шеберлік байқасады.
Бұдан бұрын «Қайрат» және «Аят» элиталық кезеңге жолдама алғанын хабарлаған едік.